Магистратураға оқуға қалай түсуге болады
ЖүктеуКонкурсқа қалай қатысуға болады
Мемлекеттік білім беру гранты есебінен магистратурада оқу үшін көзделген түсу емтихандарынан өтіп, конкурсқа қатысуға өтініш беру қажет.
Негізгі шарттар
-
Жоғары білім туралы құжаттың болуы.
-
КТ-дан немесе тиісті түсу емтихандарынан өту.
-
Белгіленген шекті балды жинау.
-
Белгіленген мерзімде білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініш беру.
-
Қабылдау қағидаларында көзделген құжаттарды ұсыну.
2026 жылғы шекті балдар
Ғылыми-педагогикалық магистратура үшін:
-
жалпы нәтиже — кемінде 75 балл;
-
шет тілі — кемінде 25 балл;
-
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест — кемінде 7 балл;
-
әрбір бейіндік пән — кемінде 7 балл.
Бейіндік магистратура үшін:
-
жалпы нәтиже — кемінде 30 балл;
-
әрбір бейіндік пән — кемінде 7 балл.
Оқуға түсушілердің жекелеген санаттары үшін арнайы талаптар қолданылады.
2026 жылғы гранттар конкурсы
2026 жылғы жазғы білім беру гранттары конкурсына құжаттарды қабылдау 12–18 тамыз аралығында жүргізілді.
Өтініш белгіленген тәртіппен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қабылдау комиссиясы арқылы беріледі.
Шекті талаптарға сәйкес келу конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді, бірақ мемлекеттік білім беру грантын алуға кепілдік бермейді.
Кімдер жекелеген емтихандардан босатылуы мүмкін
Халықаралық тіл сертификаттары
Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер өз қалауы бойынша КТ-ның тиісті блогынан босатылуы мүмкін.
Сертификаттардың белгіленген тізбелері, ең төменгі нәтижелер және балдарды аудару шкалалары қолданылады.
GRE халықаралық тесті
Білім беру бағдарламаларының жекелеген топтары үшін белгіленген талаптар мен балдарды аудару шкаласына сәйкес GRE нәтижелерін есепке алу мүмкіндігі көзделген.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша оқуға түсу
Белгілі бір басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе білім беру бағдарламасының тиісті бейіні бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар Қағидаларда көзделген жағдайларда әңгімелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде бейіндік магистратураға түсе алады.
Шығармашылық бағыттар және араб тілі
Білім беру бағдарламаларының жекелеген топтары үшін шығармашылық емтихандар немесе араб тілі бойынша түсу емтиханы өткізіледі.
Өтініш бермес бұрын емтихандардан босату шарттарын, қабылданатын сертификаттарды және қажетті құжаттар тізбесін таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясынан нақтылау қажет.
