Магистратураға оқуға қалай түсуге болады
ЖүктеуКТ нәтижелері бойынша апелляцияны қалай беруге болады
Егер оқуға түсуші тест тапсырмасының мазмұнымен келіспесе немесе техникалық қатені анықтаса, апелляцияға өтініш бере алады.
Техникалық себептер бойынша апелляция
Тестілеу кезінде бағдарламаның интерфейсіндегі тиісті функция арқылы беріледі.
Апелляция беруге тапсырманы дұрыс орындауға кедергі келтіретін техникалық қате, мысалы, мәтіннің, суреттің немесе сызбаның қажетті бөлігінің болмауы негіз бола алады.
Тест тапсырмасының мазмұны бойынша апелляция
Тестілеу аяқталғаннан кейін белгіленген мерзімде беріледі.
Апелляция беруге мынадай жағдайлар негіз бола алады:
-
дұрыс жауаптың болмауы;
-
бір жауапты таңдау қажет болған жағдайда бірнеше дұрыс жауаптың болуы;
-
дұрыс деп көрсетілген жауаптың тапсырма мазмұнына сәйкес келмеуі;
-
тапсырманың дұрыс тұжырымдалмауы.
Оқуға түсуші нақты тапсырманы көрсетіп, өтініш беру себебін негіздеуі қажет.
Апелляцияны қарау
Өтініштерді Республикалық апелляциялық комиссия кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен қарайды.
Қарау нәтижесі оқуға түсушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
