Магистратураға оқуға қалай түсуге болады
ЖүктеуКешенді тестілеу қалай өтеді
Кешенді тестілеу Ұлттық тестілеу орталығының арнайы жабдықталған тестілеу пункттерінде өткізіледі.
Тестілеу басталар алдында
Оқуға түсуші белгіленген тестілеу пунктіне келіп, жеке басын сәйкестендіру рәсімінен өтуі қажет.
Кіру кезінде тыйым салынған заттардың бар-жоғына тексеру жүргізіледі.
КТ кезінде тыйым салынады:
-
ұялы телефондарды, смарт-сағаттарды, құлаққаптарды және басқа да байланыс құрылғыларын пайдалануға;
-
қағидаларда рұқсат етілмеген шпаргалкаларды, оқулықтарды және анықтамалық материалдарды пайдалануға;
-
басқа оқуға түсушілермен сөйлесуге және материалдар алмасуға;
-
өз орнына басқа адамдарды қатыстыруға;
-
тест тапсырмаларының мазмұнын суретке түсіруге, жазып алуға немесе таратуға;
-
тестілеудің бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысына араласуға;
-
КТ өткізу тәртібін бұзуға.
Тапсырмаларды орындау үшін тестілеу интерфейсінде көзделген көмекші құралдарды пайдалануға болады.
Қағидаларды бұзудың салдары
Қағидалардың бұзылғаны анықталған жағдайда тиісті акт жасалады. Оқуға түсуші тестілеуден шығарылуы, ал оның нәтижелері жойылуы мүмкін.
КТ басталғанға дейін Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланған тәртіп қағидаларымен толық танысу қажет.
