Магистратураға оқуға қалай түсуге болады

Жүктеу

Кешенді тестілеуге қалай тіркелуге болады

КТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн жүргізіледі.

Өтініш беру тәртібі

  1. app.testcenter.kz сайтына өтіңіз немесе UTO.kz мобильді қосымшасын пайдаланыңыз.

  2. Электрондық пошта арқылы тіркеліңіз немесе бұрыннан бар жеке кабинетіңізге кіріңіз.

  3. ЖСН мен байланыс телефон нөмірін көрсетіңіз.

  4. «Өтініш беру» бөлімін ашып, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» тармағын таңдаңыз.

  5. Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуді таңдаңыз.

  6. Даярлау бағытын, білім беру бағдарламаларының тобын, тестілеу тілін және КТ өткізілетін қаланы көрсетіңіз.

  7. Қажет болған жағдайда тестілеуден өтудің ерекше жағдайлары туралы мәліметтерді толтырыңыз.

  8. КТ өткізу қағидаларымен және оферта шарттарымен танысыңыз.

  9. Төлем тәсілін таңдап, тестілеуге қатысу ақысын төлеңіз.

  10. Жеке кабинетіңізде өтініштің мәртебесін тексеріңіз.

2026 жылы КТ-ға қатысу құны — 14 693 теңге.

Төлем өтініш ресімделгеннен кейін бір сағат ішінде онлайн жүргізіледі.

Өтінішті қалай өзгертуге болады

Тіркеу аяқталғанға дейін «Менің тарихым» бөлімінде өтініштің өзгертуге болатын параметрлерін түзетуге болады.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін таңдалған білім беру бағдарламаларының тобын өзгертуге болмайды.

КТ өткізілетін орын, күні мен уақыты туралы ақпарат оқуға түсушінің жеке кабинетінде жарияланады.

Жаңарту күні: Көру саны:22140
  1. Кешенді тестілеуге қалай тіркелуге болады