Магистратураға оқуға қалай түсуге болады

Жүктеу

Қатысуға құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі және КТ мерзімі

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуді өткізу мерзімдері

2026 жылғы жазғы кезең

  • КТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау — 2026 жылғы 1 маусымнан 8 шілдеге дейін.

  • КТ өткізу — 2026 жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейін.

  • Білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау — 2026 жылғы 12–18 тамыз аралығында.

  • Магистратураға оқуға қабылдау — 2026 жылғы 15–28 тамыз аралығында.

2026 жылғы қысқы кезең

Ұлттық тестілеу орталығы жариялаған кестеге сәйкес:

  • Өтініштерді қабылдау — 2026 жылғы 28 қазаннан 10 қарашаға дейін.

  • КТ өткізу — 2026 жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейін.

  • Оқуға қабылдау — 2026 жылғы 26 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін.

КТ сертификаттарының жарамдылық мерзімі

  • Жазғы КТ сертификаты тиісті күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.

  • Қысқы КТ сертификаты келесі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

Маңызды: қабылдау науқандарының мерзімдері өзгеруі мүмкін. Тіркелмес бұрын Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтындағы өзекті хабарландыруды тексеру қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:28374
  1. Қатысуға құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі және КТ мерзімі