Су тасқыны немесе сел болған жағдайда не істеу керек

Жүктеу

Сел қауіпті жерлерде өзін қалай ұстау керек

Таулы аймаққа барар алдында ауа райы болжамымен, ресми ескертулермен және маршруттың ерекшеліктерімен танысу ұсынылады.

Негізгі қауіпсіздік ережелері:

  1. Сел қаупі туралы ескерту жарияланған немесе қолайсыз ауа райы жағдайында сел қаупі бар аумақтарға бармаңыз.

  2. Тау өзендерінің арналарында, тар шатқалдарда және сел ағындары өтуі мүмкін басқа да жерлерде болудан аулақ болыңыз.

  3. Сел қаупі бар өзен арналарында шатыр тікпеңіз және тұрақ ұйымдастырмаңыз.

  4. Қатты жаңбыр жауған немесе сел қаупінің белгілері байқалған жағдайда қауіпті аумақтан уақтылы кетіңіз.

  5. Сел ағыны жақындаған кезде оның болжамды қозғалыс бағытынан дереу шетке қарай кетіп, тас құлауы мен опырылу қаупі жоқ қауіпсіз биік жерге көтеріліңіз.

  6. Қозғалып келе жатқан сел ағынына жақындамаңыз және оны кесіп өтуге әрекет жасамаңыз.

  7. Бірінші сел толқыны өткеннен кейін өзен арнасына қайта оралмаңыз: сел ағындары қайталануы мүмкін.

  8. Құтқару қызметтерінің нұсқауларын орындаңыз және белгіленген кіру шектеулерін сақтаңыз.

Маңызды: сел қаупі төнген жағдайда қозғалып келе жатқан ағынның алдынан қашып үлгеруге сенуге болмайды. Негізгі қорғану шарасы — қауіпті аймақтан алдын ала кету.

Шұғыл көмек:

  • 112 — бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет.

  • 101 — өрт сөндіру қызметі және құтқарушылар.

Ресми ескертулер мен ұсынымдар ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында жарияланады.

Есіңізде болсын: су тасқыны немесе сел қаупі төнген жағдайда ең алдымен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, уақтылы эвакуациялану және төтенше жағдайлар қызметтерінің нұсқауларын орындау қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:935
  1. Сел қауіпті жерлерде өзін қалай ұстау керек