Су тасқыны немесе сел болған жағдайда не істеу керек
ЖүктеуСу тасқынының себептері, алдын алу шаралары
Су тасқыны — қарқынды жауын-шашын, қардың еруі, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, мұз кептелістері және басқа да табиғи процестер салдарынан туындауы мүмкін аумақты судың едәуір басуы.
Су тасқыны қаупі төнген жағдайда қауіп-қатерді азайту үшін мыналар ұсынылады:
-
Тұрғылықты жеріңіздің су басу қаупі бар аймақта орналасқан-орналаспағанын алдын ала анықтау.
-
Эвакуациялау бағыттарымен және қауіпсіз орындардың орналасуымен танысу.
-
Балалардың, қарт адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, төтенше жағдай кезіндегі отбасылық іс-қимыл жоспарын әзірлеу.
-
Ауызсу, ұзақ сақталатын азық-түлік, қажетті дәрі-дәрмектер және жеке гигиена құралдарының қорын дайындау.
-
Құжаттар мен маңызды заттарды су өткізбейтін қаптамада сақтау.
-
Қолшам, ұялы телефон, портативті қуаттау құрылғысы және алғашқы көмек қобдишасын дайындау.
-
Ресми ауа райы болжамдарын, гидрологиялық ақпаратты және төтенше жағдайлар қызметтерінің хабарламаларын қадағалау.
Ресми ақпаратты қайдан алуға болады?
-
«Қазгидромет» РМК — ауа райы болжамдары, гидрологиялық ақпарат және дауылды ескертулер.
-
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі — төтенше жағдайлар туралы хабарламалар, ескертулер және халыққа арналған ұсынымдар.
Су басу қаупі туралы ресми ескерту алған жағдайда эвакуациялауға алдын ала дайындалып, уәкілетті қызметтердің нұсқауларын орындау қажет.
