Итті қалай асырау және серуендету керек
ЖүктеуЖануарларға екпе жасау және бірыңғай базада тіркеу керек пе
Қазақстанда белгіленген тізбеге енгізілген үй жануарларын міндетті есепке алу көзделген.
Үй жануарларын есепке алу қағидалары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 169 бұйрығымен бекітілген және оларға кейіннен өзгерістер енгізілген.
Иттер мен мысықтар белгіленген тәртіппен міндетті есепке алынуға жатады.
Иттер мен мысықтарды есепке алу үшін заңнама талаптарына сәйкес чиптеу қолданылады.
Жануардың иесі ауысқан жағдайда есепке алу деректерінің белгіленген тәртіппен жаңартылуын қамтамасыз ету қажет.
Ветеринариялық іс-шаралар
Жануарлардың иелері міндетті профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қоса алғанда, ветеринариялық және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтауға міндетті.
Құтыруға қарсы вакцинация қолданыстағы ветеринариялық қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
Вакцинациялау және профилактикалық өңдеу мерзімдерін жануардың жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, ветеринариялық маманнан нақтылау ұсынылады.
