Итті қалай асырау және серуендету керек

Жүктеу

Басқа аймақтарда иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасы

Жануарларға жауапкершілікпен қараудың негізгі талаптары Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңында белгіленген.

Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидалары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығымен бекітілген.

Бұл ретте үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің нақты қағидаларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бекітеді.

Өңірге байланысты жануарларды серуендету орындарына, қарғыбаулар мен тұмылдырықтарды пайдалануға, сондай-ақ қоғамдық орындарда жануарлармен бірге болуға қатысты жекелеген шектеулер әртүрлі болуы мүмкін.

Итті серуендетуге шығар алдында өз өңіріңізде қолданыстағы қағидалармен танысу ұсынылады.

Өңірлік қағидаларды қайдан табуға болады?

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

Өңірлік актілердің мысалдары:

Басқа өңірлер үшін мәслихаттың тиісті қолданыстағы шешімін табу қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:601
  1. Басқа аймақтарда иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасы