Әуесқойлық аң аулау үшін рұқсатты қалай алуға болады

Жүктеу

Әуесқой аң аулауға жолдаманы қалай алуға болады

Аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы — жеке тұлғаға бекітілген аңшылық алқаптарда белгіленген шарттарға сәйкес аң аулау үшін берілетін құжат.

Жолдаманы қалай алуға болады:

  1. Аң аулауды жоспарлап отырған аңшылық шаруашылығын таңдаңыз.

  2. Аңшылық шаруашылығы субъектісіне өтінішпен жүгініңіз.

  3. Аңшы куәлігін және басқа да қажетті құжаттарды ұсыныңыз.

  4. Аулауға рұқсат етілген жануарлар түрлерін, аң аулау мерзімдерін, аулауға рұқсат етілген жануарлар санын және жолдаманың құнын нақтылаңыз.

  5. Заңнамада белгіленген тәртіппен жолдаманы алыңыз.

Жолдама белгіленген қағидаларға сәйкес бір рет баруға немесе аң аулау маусымына берілуі мүмкін.

Жолдаманың құнын аңшылық шаруашылығы субъектісі белгілейді.

Маңызды: жолдама Аң аулау қағидаларының 8-тармағында көзделген басқа құжаттарды алмастырмайды. Әуесқойлық аң аулау кезінде аңшы куәлігіне, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатқа, сондай-ақ атыс қаруын немесе аушы жыртқыш құстарды пайдаланған кезде қажетті қосымша құжаттарға қойылатын талаптарды сақтау қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:1571
  1. Әуесқой аң аулауға жолдаманы қалай алуға болады