Әуесқойлық аң аулау үшін рұқсатты қалай алуға болады

Жүктеу

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат қалай ресімделеді

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес ресімделеді.

Әуесқойлық (спорттық) аң аулау кезінде аңшылық шаруашылығы субъектісінің рұқсат алу және аңшыға жолдама беру тәртібін ескеру қажет.

Іс-қимыл тәртібі:

  1. Аң аулауды жоспарлап отырған аңшылық шаруашылығын таңдаңыз.

  2. Аңшылық шаруашылығы субъектісінен жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың бар-жоғын және таңдалған жануар түріне аң аулау мүмкіндігін нақтылаңыз.

  3. Жолдаманы ресімдеу шарттарымен танысыңыз.

  4. Тиісті аң аулау түріне қажетті құжаттарды дайындаңыз.

  5. Жолдаманы алыңыз және онда көрсетілген шарттарды сақтаңыз.

Егер нақты жағдайда жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты өз бетінше ресімдеу талап етілсе, өтініш тиісті мемлекеттік қызметте көзделген тәртіппен беріледі.

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес айқындалады.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат пен аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы екі түрлі құжат болып табылады. Оларды ресімдеу тәртібін Аң аулау қағидаларының 8-тармағын ескере отырып сақтау қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:1188
  1. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат қалай ресімделеді