Әуесқойлық аң аулау үшін рұқсатты қалай алуға болады
ЖүктеуАң аулауды жүргізу мерзімдері
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау мерзімдері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген Аң аулау қағидаларына 11-қосымшада белгіленген.
Аң аулау мерзімдері жануардың түріне, аң аулау аумағына және Қағидаларда көзделген басқа да шарттарға байланысты болады.
Жануарлардың жекелеген түрлері үшін, оның ішінде аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстарды пайдалана отырып аң аулауға арнайы мерзімдер белгіленуі мүмкін.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері Аң аулау қағидаларында көзделген шектерде аң аулау маусымын ашу және оның басталу мерзімдерін ауыстыру туралы шешімдер қабылдауға құқылы.
Аң аулауды бастамас бұрын:
-
Таңдалған жануар түріне қатысты қолданыстағы аң аулау мерзімдерін тексеру.
-
Аң аулау маусымын ашу немесе оның мерзімдерін ауыстыру туралы өңірлік шешімдердің бар-жоғын нақтылау.
-
Таңдалған аумақта аң аулауға рұқсат етілгеніне көз жеткізу.
-
Берілген құжаттарда көрсетілген квоталарды, шектеулерді және шарттарды тексеру қажет.
Аң аулаудың өзекті мерзімдері Аң аулау қағидаларының 11-қосымшасында көрсетілген:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011091
Белгіленген мерзімдерден тыс аң аулауға жол берілмейді.
