Әуесқойлық аң аулау үшін рұқсатты қалай алуға болады
ЖүктеуАң аулауға кімнің құқығы бар
Қазақстан Республикасында аң аулау құқығы заңнама талаптары сақталған жағдайда туындайды.
Азаматтар үшін мынадай жас шектеулері көзделген:
-
21 жастан бастап — атыс қаруын пайдаланып аң аулау кезінде;
-
14 жастан бастап — аң аулаудың басқа да рұқсат етілген құралдарын, аңшылық иттерді және аушы жыртқыш құстарды пайдаланып аң аулау кезінде.
Әуесқойлық (спорттық) аң аулауға қажетті құжаттар
Аң аулау қағидаларының 8-тармағына сәйкес аңшыда мынадай құжаттар болуы тиіс:
-
Аңшы куәлігі.
-
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат.
-
Аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы.
-
Аңшылық атыс қаруын пайдаланып аң аулау кезінде — азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат.
-
Аушы жыртқыш құстармен аң аулау кезінде — аушы жыртқыш құстың паспорты.
Шетел азаматтары үшін
Аң аулау құқығы арнайы талаптар сақталған жағдайда туындайды. Оларға аңшылық шаруашылығы субъектісімен аң аулауды ұйымдастыру туралы шарт жасасу, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат пен жолдаманың болуы, сондай-ақ аңшылық атыс қаруы пайдаланылған жағдайда оны және оның патрондарын әкелуге және әкетуге ішкі істер органдары берген құжаттың болуы жатады.
Әуесқойлық аң аулау бекітілген аңшылық алқаптарда белгіленген мерзімдер, квоталар мен шектеулер сақтала отырып жүзеге асырылады.
