Қазақстанда тұрға ықтиярхатты қалай алуға болады
ЖүктеуТұруға ықтиярхатты қалай ресімдеуге болады
Тұрақты тұруға рұқсат алып, тұрғылықты жері бойынша тіркелгеннен кейін шетел азаматы Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатты ресімдей алады.
Тұруға ықтиярхат Қазақстанда тұрақты тұратын шетел азаматтарына 16 жастан бастап беріледі.
Қайда жүгіну қажет?
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО).
Қандай құжаттар қажет?
Құжаттандырудың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық өтінімді ресімдеу кезінде:
-
Жарамды шетелдік паспорт.
-
Мемлекеттік баждың төленгенін немесе оны төлеуден босатылғанын растайтын құжат.
Тұрғылықты жері бойынша тіркелу туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы тексеріледі.
Фотосуретке түсіру және қолтаңбаны ресімдеу өтінішті қабылдау кезінде тікелей жүзеге асырылады.
Қағаз жеткізгіште ресімдеу кезінде өлшемі 3,5 × 4,5 см болатын екі фотосурет қосымша ұсынылады.
Мән-жайларға байланысты қосымша құжаттар, оның ішінде тұрақты тұруға рұқсат берілгені туралы хабарлама талап етілуі мүмкін.
Ресімдеу құны қанша?
Шетелдіктің тұруға ықтиярхатын бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері — 0,2 АЕК.
Жеделдетілген ресімдеуді таңдаған жағдайда белгіленген мөлшерде қосымша төлем алынады.
Ресімдеу қанша уақыт алады?
-
Жалпы тәртіппен — 17 жұмыс күнінен кешіктірмей.
-
Жеделдетілген тәртіппен — 7 жұмыс күніне дейін.
Тұруға ықтиярхат қандай мерзімге беріледі?
Тұруға ықтиярхат 10 жылға дейінгі мерзімге, бірақ шетел азаматының шетелдік паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Тұруға ықтиярхатты қашан ауыстыру қажет?
Құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған, жеке деректері өзгерген, құжат жоғалған, пайдалануға жарамсыз болған немесе заңнамада көзделген басқа да жағдайларда оны ауыстыру қажет.
Маңызды! Тұруға ықтиярхат — шетел азаматының Қазақстанда тұрақты тұратын адам мәртебесін растайтын құжат. Құжаттың өзін ауыстыру бұрын алынған тұрақты тұруға рұқсаттың автоматты түрде күшін жоюды білдірмейді.
