Қазақстанда тұрға ықтиярхатты қалай алуға болады

Жүктеу

ҚР тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу үшін не қажет

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу алдында өтініш беруші Қағидаларда көзделген көшіп келушіні критериалды бағалаудан өтіп, тұрақты тұруға рұқсатты одан әрі ресімдеуге жіберілгені туралы хабарлама алуы қажет.

Бағалауды жүргізу тәртібі Ішкі істер министрлігінің қолданыстағы Қағидаларымен айқындалады.

2-қадам. Құжаттарды дайындаңыз

Жалпы тәртіппен тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар мен мәліметтер көзделген:

  1. Белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш.

  2. Көшіп келушінің критериалды бағалаудан өткені туралы хабарлама.

  3. Өтініш берілген күні қолданылу мерзімі күнтізбелік 180 күннен асатын шетелдік паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжаты.

  4. Төлем қабілеттілігін растау немесе осы талаптан босатылу құқығын растайтын құжат.

  5. Белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, азаматтығы тиесілі және (немесе) тұрақты тұратын мемлекеттен берілген сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы құжат.

  6. Егер өтініш 14 пен 18 жас аралығындағы балаға қатысты болса, оның тұрақты тұруға нотариат куәландырған келісімі.

  7. Тұру және тіркелу үшін тұрғын үй берілгенін растайтын құжат немесе Қағидаларда көзделген жағдайларда меншікті тұрғын үйі туралы мәліметтер.

  8. Қарсы көрсетілім болып табылатын аурулардың жоқтығы туралы белгіленген нысандағы медициналық анықтама.

  9. Белгіленген өлшемдегі фотосурет.

  10. Мемлекеттік баждың төленгенін немесе оны төлеуден босатылғанын растайтын құжат.

  11. Сұранысқа ие кәсіп негізінде өтініш беретін жекелеген өтініш берушілер үшін салалық мемлекеттік органның өтінішхаты.

  12. Дактилоскопиялық тіркеуден өткені туралы анықтама.

  13. Егер заңнамада талап етілсе, азаматтығы тиесілі мемлекеттің жазбаша келісімі, кету парағы немесе шетелге тұрақты тұруға шығуға рұқсатты растайтын өзге де құжат.

  14. Қағидаларда көзделген жағдайларда дербес деректерді өңдеуге және дербес деректерді трансшекаралық беруге келісім.

Қосымша талаптар

Төлем қабілеттілігін растау үшін Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 531 бұйрығымен бекітілген Қағидалар қолданылады. Осы талаптан босатуға негіздер болмаған жағдайда өтініш беруші белгіленген мөлшерде қажетті ақшалай қаражатының бар екенін растауы тиіс.

Кәмелетке толмағандарды, босқындарды және бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған адамдарды қоса алғанда, жекелеген санаттар үшін құжаттардың арнайы тізбелері мен ерекшеліктер көзделген.

Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылып, аудармасы нотариат куәландыруына жатады.

Шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары берген құжаттар, егер заңнамада немесе халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, апостиль қойылып немесе заңдастырылып ұсынылады.

3-қадам. Құжаттарды тапсырыңыз

Тұрақты тұруға рұқсат алу үшін құжаттарды қабылдау өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары арқылы жүзеге асырылады.

Шетелдік IT-мамандарды қоса алғанда, жекелеген санаттар үшін eGov.kz порталында электрондық рәсімдер көзделген. Онлайн өтініш беру мүмкіндігін нақты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты бойынша тексеру қажет.

4-қадам. Нәтижесін күтіңіз

Тұрақты тұруға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі — күнтізбелік 45 күн.

Нәтижесі — тұрақты тұруға рұқсат беру немесе дәлелді бас тарту.

5-қадам. Тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркеліңіз

Оң шешім алғаннан кейін тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өтіп, тиісті құжатты: шетелдіктің тұруға ықтиярхатын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу қажет.

Маңызды! Электрондық ақпараттық жүйелердің болуы және өтініштің цифрлық түрде өңделуі өтініш берушілердің барлық санаттары тұрақты тұруға рұқсатты толықтай қашықтан ресімдей алады дегенді білдірмейді.

Жаңарту күні: Көру саны:85803
  1. ҚР тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу үшін не қажет