Қазақстанда тұрға ықтиярхатты қалай алуға болады

Жүктеу

Тұруға ықтиярхат дегеніміз не және оны кім ала алады

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұруға ықтиярхаты — шетел азаматының Қазақстан аумағындағы жеке басын куәландыратын және оның тұрақты тұру құқығын растайтын құжат.

Тұруға ықтиярхатты ресімдеу үшін алдымен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу қажет.

Тұрақты тұруға рұқсат алу үшін кімдер өтініш бере алады?

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңда көзделген санаттарға жататын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар өтініш бере алады, оның ішінде:

  • Қазақстанға тұрақты тұруға арналған визамен келгендер;

  • тиісті инвесторлық көп мәртелік визасы бар адамдар;

  • сұранысқа ие кәсіпке байланысты берілген визамен келгендер;

  • Қазақстанмен визасыз келу және болу туралы келісімдер жасасқан мемлекеттерден келгендер;

  • Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар адамдар;

  • өздеріне берілген визаның санатына қарамастан этникалық қазақтар.

Қандай талаптарды сақтау қажет?

Тұрақты тұруға рұқсат алу үшін өтініш беруші көші-қон заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Өтініш берушінің санатына байланысты мынадай мән-жайлар ескеріледі:

  • Қазақстанға кіруінің және ел аумағында болуының заңдылығы;

  • көшіп келушіні критериалды бағалау нәтижелері;

  • төлем қабілеттілігін растау немесе оны растаудан босатуға негіздердің болуы;

  • заңда көзделген тұрақты тұруға кедергі келтіретін мән-жайлардың болмауы;

  • міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуі;

  • тұрғылықты жері бойынша тұру және тіркелу үшін қажетті құжаттардың болуы.

Маңызды! Қазақстанда туыстарының болуы, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болуы немесе ел аумағында тууы заңнаманың жекелеген нормаларын қолдану кезінде ескерілуі мүмкін, бірақ бұл мән-жайлар өздігінен тұрақты тұруға рұқсат берілуіне кепілдік бермейді.

Жаңарту күні: Көру саны:87301
  1. Тұруға ықтиярхат дегеніміз не және оны кім ала алады