Балаға алимент алу

Жүктеу

Кіріспе

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларын асырау міндеті, сондай-ақ еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалардың өздерінің еңбекке жарамсыз мұқтаж ата-аналарын асырау және оларға қамқорлық жасау міндеті бекітілген. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті.

Алимент отбасы мүшелерін ұстау жөніндегі міндеттерді орындау нысандарының бірі болып табылады және оларды алуға құқығы бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Кәмелетке толмаған баланы асырау жөніндегі ата-аналардың міндеті ата-аналардың некеде тұруына, некені бұзуына, ата-аналардың бірге немесе бөлек тұруына байланысты емес.

Егер ұстау ерікті түрде берілмесе, алимент сот тәртібімен өндіріп алынады. Алимент төлеудің мөлшері, тәртібі мен тәсілдері тараптардың келісімімен не сотпен айқындалады.

  1. Кіріспе