Балаға алимент алу

Жүктеу

Алимент алу үшін сотқа беру

Егер бейбіт жолмен келісу мүмкін болмаса, алимент өндіріп алу сот тәртібімен жүзеге асырылады. Әке болуды анықтаумен немесе әке болуға дау айтумен байланысты емес кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы талаптар бойынша бұйрық өндірісі қолданылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 135-бабы).

Шығару мерзімі: сот бұйрығын судья тараптарды шақырмай және сот талқылауын өткізбей шығарады.

Сот бұйрығының көшірмесі жауапкерге ол шығарылғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жіберіледі. Жауапкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде не оны шығару туралы өзіне белгілі болған күннен бастап мәлімделген талапқа қарсылық білдіруге құқылы.

Сот бұйрығының күші жойылған кезде алимент өндіріп алу туралы талап талап қою іс жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін.

Қажетті құжаттар: алимент өндіріп алу мәселесі бойынша сотқа жүгіну үшін қажет болуы мүмкін:

сот бұйрығын шығару туралы өтініш не талап арыз — талаптың сипатына қарай;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
баланың туу туралы куәлігі;
баланың алимент төлеуге міндетті адаммен туыстығын растайтын құжаттар;
баланың өтініш берушімен бірге тұрғанын растайтын құжаттар;
қажет болған жағдайда мәлімделген талаптың мән-жайын растайтын өзге де құжаттар.

Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі істің мән-жайлары мен азаматтық іс жүргізу заңнамасының талаптарын ескере отырып айқындалады.

Алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінген кезде талапкерлер мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Электрондық беру: құжаттарды беру ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) пайдалана отырып, "Сот кабинеті" ресми сервисі арқылы онлайн жүзеге асырылады. Құжаттар *doc, *docx, *pdf, *jpeg, *xlsx (әрқайсысы 10 МБ-тан аспайтын) форматтарында жүктеледі, содан кейін жөнелту туралы электрондық талон қалыптастырылады.

Жаңарту күні: Көру саны:38902
  1. Алимент алу үшін сотқа беру