Айыппұлдың 50% төлеп оны қалай өтеуге болады
ЖүктеуҚысқартылған өндіріс рәсімі
Құқық бұзушылықты уәкілетті лауазымды адам анықтаған жағдайда
Әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оны жасаған адам белгіленген кезде уәкілетті лауазымды адам әкімшілік іс жүргізуді қозғайды, жеті тәулік ішінде айыппұлдың 50%-ын төлеу құқығын түсіндіреді және қажет болған жағдайда белгіленген үлгідегі түбіртекті табыстайды.
Құқық бұзушылық автоматты режимде анықталған немесе тіркелген жағдайда
Егер әкімшілік құқық бұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, тұлға белгіленген үлгідегі түбіртегі қоса берілген ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама тиісті түрде жеткізілген кезден бастап жеті тәулік ішінде айыппұл сомасының 50%-ын төлеуге құқылы.
Айыппұлды төлеудің салдары
Айыппұлдың 50%-ы белгіленген мерзімде төленген жағдайда іс мәні бойынша қаралды деп есептеледі, шешім заңды күшіне енеді, ал тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылған болып саналады.
Егер қысқартылған іс жүргізу құқығы пайдаланылмаса немесе тиісінше пайдаланылмаса, іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
