Кәмелетке толмаған баланың мүлкін сатып жатырсыз

Жүктеу

Мәмілеге рұқсатты қалай алуға болады

Кәмелетке толмаған адамның мүлкіне иелік етуге қорғаншылық және қамқоршылық органдары беретін анықтама рұқсат болып табылады.

Оны алу үшін онлайн-қызметті пайдалану керек

Онлайн-өтінім берген кезде оған келесі құжаттар тізімін қоса беріп, өз ЭЦҚ-мен қол қою қажет:

    1. электрондық құжат нысан бойынша кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін өтініш;
    2. (АХАЖ АЖ мәліметтер болмаған жағдайда немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
    3. жұбайының атынан нотариус куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі не баланың (балалардың) жеке тұратын заңды өкілінің келісімі (ата-анасының біреуінің балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі: қайтыс болуы туралы куәлік, ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-аналарды хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, туу туралы анықтама және т. б.;
    4. заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (нотариустан) (заң бойынша мұрагерлікке құқық алған жағдайда);
    5. мүліктің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (тиісті ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
    6. баланың (балалардың) пікірінің электрондық көшірмесі (он жасқа толған жағдайда).

    Қорғаншы және қамқоршы орган ұсынылған құжаттарды және ата-ананың (өкілдің) мәмілені аяқтау қажеттілігі туралы дәлелдерін зерттегеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде мәмілеге келісім бере алады немесе дәлелді бас тартуы мүмкін.

Жаңарту күні: Көру саны:2272
  1. Мәмілеге рұқсатты қалай алуға болады