Кәмелетке толмаған баланың мүлкін сатып жатырсыз
ЖүктеуБалалардың мүлкіне қандай жағдайларда билік етуге болады
Кәмелетке толмаған пәтер иесі оған 18 жасқа толғанға дейін өз бетінше иелік ете алмайды (сата алмайды, айырбастай алмайды).
Егер бала 14 жастан аз болса, онда оның атынан мәмілелерді ата-аналар немесе заңды өкілдер жасайды. Шартта кәмелетке толмаған баланың атынан әрекет ететіндігі көрсетілген ата-анасының (өкілінің) қолы қойылады.
14 жастан 18 жасқа дейінгі бала ата-анасының және өзге де заңды өкілдерінің келісімімен мәміле жасайды. Бұл ретте, бала шартқа өзі қол қояды, бірақ оған осы мәмілені жасауға келісетінін белгілей отырып, ата-анасының (өкілдерінің) біреуі қол қояды.
Бұл ретте, ортақ иеленуші немесе жалғыз иесі кәмелетке толмаған болып табылатын мүлікпен іс-қимыл жасау үшін қорғаншы және қамқоршы органның рұқсаты талап етіледі. Рұқсат мәмілелердің мынадай түрлеріне беріледі:
- сату;
- айырбастау;
- кепілге беру;
- жалға беру.
Кәмелетке толмаған балаға тиесілі мүлікке билік ету жөніндегі мәмілелерді жасау кезінде заңнамада көзделген жағдайларда, оның ішінде мүлікті немесе ондағы үлесті иеліктен шығару, кепілге беру және баланың мүліктік құқықтарын қозғайтын басқа да мәмілелерді жасау үшін қорғаншылық және қамқоршылық органының рұқсаты қажет.
Рұқсат беру туралы мәселені қарау кезінде кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен заңды мүдделері ескеріледі. Егер бала он жасқа толған болса, оның белгіленген нысандағы пікірі ұсынылады.
Кәмелетке толмағандарды эмансипациялау
Кейбір жағдайларда 16 жасқа толған кәмелетке толмаған адам өз бетінше мәмілелер жасай алады. Егер еңбек шарты бойынша жұмыс істесе немесе оның заңды өкілдерінің келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысса, бала толығымен әрекетке қабілетті деп танылады. Эмансипация қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша оның заңды өкілдерінің келісімімен не мұндай келісім болмаған кезде – сот шешімі бойынша жүргізіледі.
