Егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тап болсаңыз ше?
ЖүктеуКіріспе
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактісі, пара талап ету немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы белгілі болса, бұл жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлай аласыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі белгіленген құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асырады.
Бұл материалда сыбайлас жемқорлық туралы қайда хабарлауға болатыны, өтінішті қалай беру керектігі, сондай-ақ заңнамада қандай қорғау кепілдіктері мен көтермелеу шаралары көзделгені түсіндіріледі.
