Егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тап болсаңыз ше?
ЖүктеуСыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы анық ақпарат берген немесе оларды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге өзге де түрде жәрдем көрсеткен адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермеленуі мүмкін.
Көтермелеу біржолғы ақшалай сыйақы беру, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Ақшалай сыйақы мөлшері
Егер пара сомасы, келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктердің не көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК-тен аспаса немесе залал болмаса, мынадай мөлшерлер қолданылады:
-
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша — 30 АЕК;
-
онша ауыр емес қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК;
-
ауырлығы орташа қылмыстар бойынша — 50 АЕК;
-
ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша — 70 АЕК;
-
аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша — 100 АЕК.
Егер пара сомасы, келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктердің не көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК-тен асса, біржолғы ақшалай сыйақы тиісті соманың 10%-ын құрайды, бірақ 4 000 АЕК-тен аспайды.
Көтермелеу шарттары
Көтермелеу ақпараттың дұрыстығын және тиісті істі қарау нәтижелерін растайтын, Қағидаларда көзделген негіздер болған жағдайда беріледі.
Көтермелеуді қалай алуға болады
Көтермелеу туралы мәселені қарау үшін сыбайлас жемқорлық қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған органға немесе анықталуына жәрдем көрсетілген әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы істі қозғаған органға жүгіну қажет.
Құжаттар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де түрде жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу қағидаларында белгіленген тәртіппен қаралады.
Көтермелеу туралы шешімді уәкілетті комиссия қабылдайды. Ақшалай сыйақы белгіленген тәртіппен алушының банктік шотына аударылады.
