Сіз авто иесі болсаңыз

Жүктеу

Автомобилді айдап әкету

Егер автокөлігіңіздің жоғалғанын байқап, оның айдап әкетілгеніне немесе ұрланғанына күмәндансаңыз, бұл туралы дереу полицияға хабарлау қажет.

Іс-қимыл тәртібі

  1. 102 нөміріне қоңырау шалып, автокөліктің жоғалғаны туралы хабарлаңыз.

  2. Автокөліктің маркасын, моделін, түсін, мемлекеттік тіркеу нөмірін, VIN-кодын (белгілі болса), жоғалған орнын және болжамды уақытын айтыңыз.

  3. Автокөліктің ерекше белгілері, орнатылған ұрлыққа қарсы құрылғылары және ықтимал куәгерлер туралы хабарлаңыз.

  4. Полицияның аумақтық бөлімшесіне арыз беріңіз немесе көзделген электрондық сервисті пайдаланыңыз.

  5. Өтініштің тіркелгені туралы мәліметтерді және арызды қарайтын полиция бөлімшесінің байланыс деректерін сақтаңыз.

Арызды онлайн қалай беруге болады?

Ықтимал қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды электрондық түрде беру үшін Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің жария секторын пайдалануға болады.

Сервис арқылы арыз беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланып авторизациядан өту қажет.

Қандай мәліметтерді алдын ала дайындаған жөн?

  • Жеке басты куәландыратын құжат.

  • Автокөлікке меншік құқығы туралы мәліметтер.

  • Автокөліктің тіркеу деректері.

  • Автокөліктің жоғалу мән-жайлары туралы ақпарат.

  • Бар болған жағдайда автокөліктің фотосуреттері мен ерекше белгілері туралы мәліметтер.

Арыз бергеннен кейін не істеу керек?

Өтініштің тіркелгені туралы мәліметтерді нақтылаңыз және тексеру мен тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасаңыз.

Егер автокөлік айдап әкету немесе ұрлау тәуекелдерінен КАСКО бойынша сақтандырылған болса, сақтандыру ұйымына шарт талаптарына сәйкес хабарлаңыз.

Маңызды! Қазақстан Республикасының Салық кодексінде ішкі істер органдарынан келіп түсетін, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде арыздың тіркелгені туралы мәліметтер негізінде айдап әкетілген немесе ұрланған автокөлік іздеуде болған кезеңде көлік салығын есептеуді тоқтату көзделген.

Жаңарту күні: Көру саны:7064
  1. Автомобилді айдап әкету