Сіз авто иесі болсаңыз

Жүктеу

Салықтарды төлеу

Көлік құралдарының иелері көлік салығын Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес төлейді.

Салықты қашан төлеу қажет?

Жеке тұлғалар көлік құралдары салығын есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлейді.

Мысалы, 2026 жылға арналған салықты 2027 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеу қажет.

Салық қалай есептеледі?

Салық сомасы көлік құралының сипаттамаларына, белгіленген салық мөлшерлемелеріне және нақты иелену кезеңіне байланысты болады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап көлік құралдары салығын есептеу тәртібі өзгерді. Атап айтқанда:

  • жеңіл автокөліктер үшін пайдалану мерзіміне байланысты төмендету коэффициенттерін қолдану көзделген;

  • қозғалтқышының көлемі үлкен жекелеген автокөліктерге арналған салық мөлшерлемелерін қолдану тәсілі өзгертілді;

  • салық көлік құралын нақты иелену кезеңін ескере отырып есептеледі.

Салық сомасын қалай тексеруге және төлеуге болады?

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурсына өтіңіз.

  2. Көлік құралдары салығын есептеу сервисін пайдаланыңыз немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында есептелген салық сомасын тексеріңіз.

  3. Автокөлік туралы мәліметтерді және есептелген салық сомасын тексеріңіз.

  4. Салықты қолжетімді мемлекеттік сервистер немесе банктердің қосымшалары арқылы төлеңіз.

  5. Төлемді растайтын құжатты сақтаңыз.

Салық берешегін Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық сервистері арқылы тексеруге болады.

Маңызды! Автокөлікті сату немесе сатып алу кезінде салық сомасы Салық кодексіне сәйкес көлік құралын иелену кезеңін ескере отырып айқындалады.

Жаңарту күні: Көру саны:2609
  1. Салықтарды төлеу