Сіз авто иесі болсаңыз

Жүктеу

Егер сіз көліктің мемлекеттік нөмірін жоғалтып алсаңыз

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ) жоғалған немесе бүлінген жағдайда автокөлік иесі оның телнұсқасын алу үшін жүгіне алады.

МТНБ телнұсқасын қалай алуға болады?

Өтінішті мына тәсілдермен беруге болады:

  • eGov.kz порталы арқылы;

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның мамандандырылған бөлімінде (мамандандырылған ХҚКО);

  • қызмет көрсету қағидаларында көзделген өзге де цифрлық объектілер арқылы.

Портал арқылы өтініш берген кезде:

  1. eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз.

  2. «Көлік құралына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің телнұсқасын беру» қызметін таңдаңыз.

  3. Электрондық сұрау салуды толтырыңыз.

  4. Мемлекеттік бажды төлеңіз.

  5. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.

  6. Өтініштің мәртебесін жеке кабинетте қадағалаңыз.

Мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінген кезде мыналар қажет:

  • жеке басты куәландыратын құжат, оның ішінде электрондық нысанда;

  • мемлекеттік баждың төленуі;

  • бұрынғы нөмірлік белгі бар болған жағдайда, ол телнұсқаны алу кезінде тапсырылуға тиіс.

Қызмет құны:

  • екі нөмірлік белгінің телнұсқасы — 2,8 АЕК;

  • бір нөмірлік белгінің телнұсқасы — 1,4 АЕК.

Қызмет көрсету мерзімі: елді мекенге байланысты — 5 немесе 15 жұмыс күні.

Нәтижесі: МТНБ телнұсқасын беру немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.

Маңызды! Нөмірлік белгінің телнұсқасын алу және автокөліктің тіркеу нөмірін ауыстыру — әртүрлі тіркеу әрекеттері. Нөмірді ауыстыру кезінде қосымша рәсімдер мен төлемдер талап етілуі мүмкін.

Жаңарту күні: Көру саны:1060
  1. Егер сіз көліктің мемлекеттік нөмірін жоғалтып алсаңыз