Автомобильді қалай қайта жабдықтауға болады (газ жабдығын орнату)
ЖүктеуКөлік құралының тіркеу құжаттарына тиісті өзгерістер енгізу
Көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті алғаннан кейін автокөліктің тіркеу деректеріне қайта жабдықтау туралы мәліметтерді енгізу қажет.
Іс-қимыл тәртібі:
-
Көлік құралының тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның мамандандырылған бөліміне (мамандандырылған ХҚКО) жүгініңіз.
-
Қайта жабдықталған көлік құралының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті ұсыныңыз.
-
Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыныңыз.
-
Қажет болған жағдайда автокөлікті қарап-тексеру үшін ұсыныңыз.
-
Заңнамада көзделген тіркеу төлемдерін төлеңіз.
-
Енгізілген өзгерістер туралы өзекті мәліметтер көрсетілген көлік құралын тіркеу туралы куәлікті (КҚТК) алыңыз.
Тіркеу деректеріне және КҚТК-ға өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Маңызды! Қайта жабдықтау туралы куәлікті алу автокөліктің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу рәсімін алмастырмайды. Ресімдеуді толық аяқтау үшін екі кезеңнен де өту қажет.
