Автомобильді қалай қайта жабдықтауға болады (газ жабдығын орнату)
ЖүктеуКөлік құралының сәйкестігі туралы куәлік алу
Газбаллон жабдығын орнатқаннан, зертханалық сынақтар мен техникалық қарап-тексеруден өткеннен кейін конструкциясына енгізілген өзгерістері бар көлік құралының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті алу қажет.
«Көлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру» мемлекеттік қызметін аумақтық полиция органдары цифрлық үкімет порталы арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті онлайн қалай алуға болады?
-
eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз.
-
«Көлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру» қызметін таңдаңыз.
-
Электрондық өтінішті толтырыңыз.
-
Қажетті құжаттарды тіркеңіз.
-
Электрондық сұрау салуға электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.
-
Өтініштің мәртебесін жеке кабинетте қадағалаңыз.
Қажетті құжаттар мен мәліметтер:
-
жеке басты куәландыратын құжат — өтініш берушіні сәйкестендіру үшін;
-
автокөліктің конструкциясына өзгерістер енгізуге жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның келісімі;
-
жүргізілген сынақтар туралы аккредиттелген сынақ зертханасының құжаттары;
-
қайта жабдықталған көлік құралын техникалық қарап-тексеру нәтижелері бойынша ресімделген диагностикалық карта.
Портал арқылы өтініш берген кезде қажетті құжаттар мен мәліметтер электрондық өтініш нысанына және мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес ұсынылады.
Мемлекеттік қызметтің құны: тегін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: құжаттардың толық топтамасы ұсынылғаннан кейін 2 жұмыс күні.
Нәтижесі: көлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Маңызды! Тек куәлік беру жөніндегі мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. ГБЖ орнату, зертханалық сынақтар және техникалық қарап-тексеру тиісті жұмыстарды орындайтын ұйымдардың шарттарына сәйкес бөлек төленеді.
