Автомобильді қалай қайта жабдықтауға болады (газ жабдығын орнату)

Жүктеу

Техникалық регламент талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізу

Газбаллон жабдығын орнатқаннан кейін енгізілген өзгерістері бар көлік құралының қауіпсіздігін растау қажет.
1-қадам. Аккредиттелген зертханада тексеруден өту
Қайта жабдықталған автокөлікті КО ТР 018/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін тексеру үшін аккредиттелген сынақ зертханасына ұсыныңыз.
Сынақ нәтижелері бойынша көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін оның қауіпсіздігін тексеру хаттамасы ресімделеді.
2-қадам. Техникалық қарап-тексеруден өту
Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі тексерілгеннен кейін қайта жабдықталған көлік құралын техникалық қарап-тексеруден өткізу қажет.
Техникалық қарап-тексеру нәтижелері бойынша автокөліктің техникалық жай-күйін тексеру нәтижелерін растайтын диагностикалық карта ресімделеді.
3-қадам. Құжаттарды дайындау
Зертханалық сынақтар хаттамасын, диагностикалық картаны және қайта жабдықтау жұмыстарының орындалғанын растайтын құжаттарды сақтаңыз.
Бұл құжаттар көлік құралының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті одан әрі ресімдеу үшін қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:2113
  1. Техникалық регламент талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізу