Мұраны қалай ресімдеуге болады
ЖүктеуМұраға қалған жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеу
Мұраға құқық туралы куәлікті алғаннан кейін жылжымайтын мүлікке меншік құқығын заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу қажет.
Нотариус арқылы электрондық тіркеу
Мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде нотариус нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы меншік құқығын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды электрондық форматта жібере алады.
Ресімдеу тәртібі:
-
Нотариус мұраға құқық туралы куәлікті береді.
-
Нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін тіркеуші органға жібереді.
-
Егер төлемнен босатылмаған болса, мұрагер мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен ақы төлейді.
-
Тіркеуші орган ұсынылған мәліметтерге құқықтық тексеру жүргізеді.
-
Тіркеу аяқталғаннан кейін тиісті хабарлама жіберіледі.
Нотариус ресімдейтін меншік құқығын электрондық тіркеу үшін мұрагердің ХҚКО-ға жеке жүгінуі талап етілмейді.
Нәтиже
Мұраға қалған жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу.
Тіркеу аяқталғаннан кейін меншік құқығы туралы мәліметтер мемлекеттік құқықтық кадастрда көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда мұрагер eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы мәліметтерді ала алады.
Мұра қалдырушының тегі мен қайтыс болған күні бойынша ашылған мұрагерлік іс туралы мәліметтерді іздеу.
Нотариаттық әрекеттің бірегей нөмірі бойынша тексеру.
