Әскери билетті қалай алуға болады
ЖүктеуКіріспе
Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
17 жасқа толған ер азаматтарды бастапқы әскери есепке қою автоматты түрде жүргізіледі. Азаматтың әскери есепте тұрғаны туралы мәліметтер eGov.kz порталындағы жеке кабинетінде көрсетіледі.
Әскери билеттер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген азаматтар санаттарына беріледі. Әскери билетті немесе оның телнұсқасын алу үшін «Әскери міндеттілерге әскери билеттерді немесе олардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі қолжетімді.
Бұл материалда әскери билет кімдерге берілетінін, портал арқылы өтінішті қалай беруге, әскери билеттің телнұсқасын қалай алуға және әскери қызмет туралы мәліметтерді қалай тексеруге болатынын түсіндіреміз.
