Әскери билетті қалай алуға болады
ЖүктеуӘскери билетті қалай алуға болады
Әскери билеттер әскери міндеттілерге Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында көзделген жағдайларда беріледі.
Мемлекеттік қызмет кімдерге көрсетіледі
«Әскери міндеттілерге әскери билеттерді немесе олардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі мынадай санаттарға арналған:
-
Әскери қызметтен немесе құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен босатылған, белгіленген қызмет мерзімін өткерген азаматтарға.
-
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, бұрын тиісті қызметті өткерген және белгіленген қызмет мерзімін өткерген азаматтарға.
-
Басқа мемлекеттерден келіп, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған, бұрын әскери (баламалы) қызметті немесе құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткерген адамдарға.
-
Әскери атағы қалпына келтірілген және бұрын тиісті қызметті өткерген азаматтарға.
-
Әскери билетін жоғалтуына немесе бүлдіруіне байланысты оның телнұсқасын алуға мұқтаж азаматтарға.
-
Ескі үлгідегі әскери билетті ауыстыруға немесе тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруіне байланысты жүгінген азаматтарға.
Өтінішті қалай беруге болады
-
eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз.
-
«Әскери міндеттілерге әскери билеттерді немесе олардың телнұсқаларын беру» қызметін табыңыз.
-
Қызметтің тиісті кіші түрін таңдаңыз.
-
Электрондық өтінішті толтырып, жүгінудің таңдалған негізіне сәйкес көзделген құжаттарды тіркеңіз.
-
Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе осы қол қою тәсілін пайдалану шарттары сақталған жағдайда бір реттік парольмен қол қойыңыз.
-
Жеке кабинетіңізде қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарламаны тексеріңіз.
Қызмет көрсету мерзімі
-
Елордада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда — 7 жұмыс күні.
-
Аудандарда — 5 жұмыс күні.
Құны: тегін.
Нәтижесі: әскери билетті алу орны туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту.
Дайын әскери билет өтініш беру кезінде таңдалған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы арқылы беріледі.
