Әскери билетті қалай алуға болады
ЖүктеуӘскери есепке қою
17 жасқа толған ер азаматтарды бастапқы әскери есепке қою мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесі цифрлық есепке алу картасын қалыптастырады және азаматтың тіркелген жері бойынша жергілікті әскери басқару органын айқындайды.
Тұрғылықты жері өзгерген кезде кейіннен әскери есепке қою Қағидаларда көзделген жағдайларда мемлекеттік цифрлық жүйелерден келіп түсетін мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Азаматтардың жекелеген санаттары үшін eGov.kz порталында қолжетімді «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою» мемлекеттік қызметі көзделген.
Мұндай санаттарға, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар, әскери қызметтен босатылған азаматтар және Қағидаларда көзделген басқа да жекелеген санаттар жатады.
Портал арқылы қалай өтініш беруге болады
-
eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз.
-
«Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою» қызметін таңдаңыз.
-
Электрондық өтінішті толтырыңыз.
-
Өтініш берушінің тиісті санаты үшін көзделген құжаттарды тіркеңіз.
-
Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе мұндай мүмкіндік болған жағдайда бір реттік парольмен қол қойыңыз.
-
Жеке кабинетіңізде қызмет көрсету нәтижесін тексеріңіз.
Азаматтың әскери есепте тұрғаны туралы мәліметтер eGov.kz порталындағы жеке кабинетінде көрсетіледі.
