Пәтерді қалай қайта жоспарлауға болады
ЖүктеуҚайта құру мүмкіндігі туралы қорытынды алу және техникалық жобаны әзірлеу
Қайта құру мүмкіндігі туралы қорытындылар алу үшін, сондай-ақ техникалық жобаны, жобалық құжаттаманы әзірлеу үшін нарықта оңай табуға болатын мамандандырылған жобалық ұйымдарға жүгіну қажет.
Қайта жоспарлаудың сипатына қарай қажетті құжаттаманың құрамы айқындалады.
Егер қайта жоспарлау тірек және сыртқы қоршау конструкцияларына, инженерлік жүйелер мен жабдықтарға әсер етпесе және үй-жайдың бір функционалдық мақсаты шеңберінде жүзеге асырылса, техникалық жоба әзірленеді.
Егер жоспарланған жұмыстар аталған конструкцияларға немесе жүйелерге әсер етсе, реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған бастапқы материалдарды алу, содан кейін жобалау құжаттамасын әзірлеу және заңнамада көзделген жағдайларда сараптамадан өту қажет.
Жұмыстарды бастамас бұрын өзгерістердің сипатын және қажетті құжаттаманың құрамын анықтау үшін тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымына жүгіну ұсынылады.
Жобалық құжаттаманы әзірлеу қызметтері әр компанияда әр түрлі бағалануы мүмкін, бірақ бірінші кезекте осы компаниялардың тиісті жұмыс түрлеріне лицензиялардың бар-жоғын және өзектілігін тексеруді ұсынамыз.
Лицензиялардың өзектілігін электрондық лицензиялау порталының арнайы сервисі арқылы тексеруге болады.
