Пәтерді қалай қайта жоспарлауға болады
ЖүктеуЗаңсыз жүргізілген қайта жоспарлау үшін жауапкершілік
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте өз еркімен заңсыз қайта құру үшін жауапкершілік қарастырылған.
Кодекстің 322-бабына сәйкес, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет - құрылыс жобасынсыз және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің тиісті шешімінсіз қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау - жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 90 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК мөлшерінде.
Ғимараттың беріктігі мен орнықтылығын (бұзылуын) толық жоғалтуға әкеп соққан немесе әкеп соқтыруы мүмкін сол әрекеттер-жеке тұлғаларға – 80 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 180 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 250 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл салуға әкеп соғады - 500 АЕК мөлшерінде.
Маңызды! Әкімдіктің шешімін алу, жобалау құжаттамасын әзірлеу және сараптама жүргізу қажеттілігі қайта жоспарлаудың сипатына және заңнама талаптарына байланысты айқындалады. Әкімдіктің шешімі болмауы, егер мұндай шешімді алу талап етілмесе, өздігінен заң бұзушылық болып табылмайды.
