Пәтерді сатып алу
ЖүктеуКіріспе
Қазақстан Республикасында пәтер сатып алу кезінде жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттарды тексеру, сатып алу-сату шартын ресімдеу тәсілін таңдау және меншік құқығын тіркеу маңызды.
Пәтерді сатып алу-сату шарты заңнама талаптарын сақтай отырып, нотариаттық немесе жай жазбаша нысанда жасалуы мүмкін.
Меншік құқығын мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлікті ресімдеудің міндетті кезеңі болып табылады.
Бұл материалда пәтер сатып алмас бұрын қандай құжаттарды тексеру қажет екенін, мәмілені нотариус арқылы немесе оның қатысуынсыз қалай ресімдеуге болатынын, меншік құқығын қалай тіркеу және ипотекалық қарыз арқылы пәтер сатып алу жолдарын түсіндіреміз.
