Пәтерді сатып алу

Жүктеу

Пәтер құжаттарында мәселелер анықталған жағдайда не істеу керек

Сатып алу-сату шартын жасасқанға дейін сатушының меншік құқығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар туралы мәліметтерді тексеру қажет.

Назар аудару қажет жағдайлар

  • Құжаттарда пәтердің мекенжайына, ауданына немесе басқа да сипаттамаларына қатысты сәйкессіздіктер бар.

  • Сатушы меншік құқығын немесе мәміле жасауға өкілеттігін растай алмайды.

  • Пәтерге қатысты тыйым салу, кепіл немесе өзге де шектеулер тіркелген.

  • Басқа меншік иелерінің, жұбайының немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қажетті келісімдері ұсынылмаған.

  • Меншік иесі және құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер құқықтық кадастр деректеріне сәйкес келмейді.

Мұндай мән-жайлар анықталған жағдайда олардың құқықтық салдарын нақтылап, қажет болған кезде мәміле жасалғанға дейін сәйкессіздіктерді жою қажет.

Шарттың жай жазбаша нысанда ресімделуі немесе сенімхат бойынша өкілдің қатысуы өздігінен мәміленің заңсыз екенін білдірмейді.

Жаңарту күні: Көру саны:1850
  1. Пәтер құжаттарында мәселелер анықталған жағдайда не істеу керек