Пәтерді сатып алу

Жүктеу

Сатып алудан бұрын пәтер мен құжаттарды тексеру

Сатып алу-сату шартын жасасар алдында пәтердің құқықтық мәртебесін және сатушының құжаттарын тексеру ұсынылады.

Назар аудару қажет мәселелер:

  1. Сатушының пәтердің меншік иесі екеніне немесе тиісті түрде ресімделген өкілеттіктер негізінде әрекет ететініне көз жеткізіңіз.

  2. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжатты тексеріңіз.

  3. Тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар туралы мәліметтермен, оның ішінде кепілдің, тыйым салудың немесе өзге де шектеулердің бар-жоғымен танысыңыз.

  4. Пәтердің мекенжайын, ауданын және басқа да сипаттамаларын құқықтық кадастр мен техникалық құжаттамадағы деректермен салыстырыңыз.

  5. Басқа меншік иелерінің бар-жоғын және мәміле жасау үшін олардың келісімі қажет пе екенін нақтылаңыз.

  6. Заңнамада көзделген жағдайларда жұбайының келісімі мен қорғаншылық және қамқоршылық органдарының рұқсатын алу қажеттігін тексеріңіз.

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар, ауыртпалықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді дербес деректерге қол жеткізу талаптарын сақтай отырып, тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер арқылы алуға болады.

Құжаттарда сәйкессіздіктер анықталған жағдайда оларды мәміле жасалғанға дейін реттеу қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:1837
  1. Сатып алудан бұрын пәтер мен құжаттарды тексеру