Сіз сәбиіңіздің дүниеге келуін күтудесіз
ЖүктеуКіріспе
Жүктілік барысында, бала тууға дайындық кезінде сізге ең қажет нәрсе - емханаға тіркелу және жүктіліктің 10-ші аптасына дейінгі мерзімде нақты тұрғылықты жері бойынша акушер-гинекологтың есебіне тұруыңыз керек. Жүкті әйелдер бүкіл жүктілік кезінде босанғанға дейін учаскелік акушер-гинекологта бақыланады.
Жүктіліктің 30 аптасында дәрігер сізге жүктілік және босану бойынша декрет демалысын беруге мүмкіндік беретін еңбекке жарамсыздық демалыс парағын береді. Жүктілік барысы және босану демалысы кезінде босануға дайындық жүргізілуі керек.
Бала дүниеге келгеннен кейін сіз оның туғанын тіркеуіңіз керек, оның нәтижесінде сіз туу туралы куәлікті аласыз.
Содан соң сіз баланы балабақшаға кезекке қойып, жәрдемақы алуға және өзге де әлеуметтік төлемдерге өтініш жасай аласыз.
Төмендегі пунктерде әр қадамның егжей-тегжейлері мазмұны ашылады және қызметтерді онлайн-режимде желіде алу үшін мүмкіндігі ұсынылады.
