Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі)

  1. Өтініш.
  2. Басты куәландыратын құжатты (жеке адамды сәйкестендіру үшін).

Құ­жат­тар­ды ұсы­ну, олар­ды мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден, оның ішін­де цифр­лық құ­жат­тар­дың сер­ви­сі­нен алу мүм­кін бол­са, та­лап етіл­мей­ді.

«Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 6-ба­бы 1-тар­ма­ғы­ның 1) – 4) тар­мақ­ша­ла­ры­на сәй­кес же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бар­лық қа­жет­ті құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ти­іс­ті құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат бе­рі­ле­ді.

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы бір рет­тік құ­пи­я­сө­зді бе­ру жо­лы­мен неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру жо­лы­мен ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы ала­ды.

Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі

Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Қызмет нәтижесі

Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.

Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабарландыру жіберу арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.

Жиі қойылатын сұрақтар

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мы­на­дай негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту­ден бас тар­та­ды:

1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін бел­гі­леу;

2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де ұсы­ны­л­ған ақ­па­рат­тар­дың, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту се­беп­те­рін жой­ған­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы осы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сін­де бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен мем­ле­кет­тік қыз­мет алу үшін қай­та жү­гі­не­ді.

3) осы Ко­дек­стің 195-1 ба­бын­да көз­дел­ген шар­ттар­ға сәй­кес кел­ме­уі.

Көру саны:61

Толық аты

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

7 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы