Жер қойнауын пайдалануға лицензиялау режиміне көшу шеңберінде лицензия беру
Қызметті қалай алуға болады
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Пайдалы қатты қазбаларды барлау, бірлескен барлау және өндіруді (барлау кезеңінде) жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу үшін
- Өтініш.
- Құжаттардың көшірмелері
- Өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлғаны өтініш беруші тағайындаған болса.
- Кодексте көзделген жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп.
- Жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аталған жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағына ішінара түсетін учаскені барлауға арналған лицензияға енгізуге жазбаша келісімі.
Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылуға жатады. Шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады, олардың дұрыстығы нотариалды куәландырылуға жатады.
Пайдалы қатты қазбаларды өндіруді/бірлескен барлауды және өндіруді (өндіру кезеңінде)/кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалануға лицензиялық режимге ауысу үшін:
- Өтініш.
- Құжаттардың көшірмелері.
- Өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлғаны өтініш беруші тағайындаған болса.
- Кодексте көзделген жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп.
Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылуға жатады. Шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады, олардың дұрыстығы нотариалды куәландырылуға жатады.
Пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензияланатын режиміне көшу үшін:
- Өтініш.
- Құжаттардың көшірмелері.
- Кодексте көзделген жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп;
- Жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аталған жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағына ішінара түсетін учаскені барлауға арналған лицензияға енгізуге жазбаша келісімі
Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылуға жатады. Шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады, олардың дұрыстығы нотариалды куәландырылуға жатады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Жиі қойылатын сұрақтар
1) Заңның 19-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мәлімделген учаскелер аумақтарының сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның теріс қорытындысы кезінде;
2) өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;
3) көрсетілетін қызметті алушының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның хаттамаға қол қоюдан бас тартса;
4) осы Қағидалардың 20 және 35-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну мерзімдерін бұзса.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:45
