Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу
Қызметті қалай алуға болады
Қызметті онлайн алу
-
Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша «Қазреестр» АЖ Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жеке кабинетіне өту.
-
«Қазреестр» АЖ-ғы Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жеке кабинеті арқылы тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу туралы шартты тіркеуге өтінім жолдау және оған ЭЦҚ-ға қол қою.
-
Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жеке кабинеті арқылы «Қазреестр» АЖ тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының есептік жазбасы туралы үзінді көшірме алу және оны талап ету орны бойынша ұсыну.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы
Жиі қойылатын сұрақтар
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:49
