Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар

  1. Өтініш. 

Ветеринариялық препараттарды, сол бір ветеринариялық препараттың жемшөп қоспаларын, әртүрлі дозалары, концентрациясы немесе көлемі, бірақ бір дәрілік нысаны бар жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын жүргізу үшін көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының байқаудан өткізуге және тіркеу сынақтарына берілетін ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының барлық көлемдерін, дозаларын немесе концентрацияларын тізімдейтін бір өтініш ұсынады.

  1. Жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (бірдейлендіру үшін).

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Қызмет нәтижесі

Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттама және/немесе ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарының нәтижелері туралы хаттама не уәжді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық препаратты және жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу нәтижелері туралы хаттаманы алуға байланысты арнайы құқығынан айрылған.

Көру саны:34

Толық аты

Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға ақылы

Қызмет көрсету уақыты

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – 2 жылға дейін

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті