Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Портал арқылы:

Қызмет алушының «жеке кабинетіне» білім алушыны бір білім беру ұйымынан екінші білім беру ұйымына ауыстыру туралы хабарлама келіп түседі. Хабарламада Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектебі (телефон, пошта мекенжайы, электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурс)) көрсетіледі және ол қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда – қызмет көрсетуден бас тартудың уәжделген себебі көрсетіліп, осы Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 7) тармақшасында көзделген бас тарту себептері көрсетіледі.

Қағаз түрінде:

Көрсетілетін қызметті беруші қабылданғанын растайтын келген білім алушыны есепке алу талонын береді, ол білім алушы шығып жатқан білім беру ұйымына ұсынылады немесе негізделген бас тарту үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініш пен (немесе) құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

Қабылданғанын растайтын келген білім алушыны есепке алу талоны 3 жұмыс күні ішінде жарамды.

Білім алушы шығып жатқан көрсетілетін қызметті беруші қабылданғанын растайтын келген білім алушыны есепке алу талонының негізінде қызмет алушыға кетуі туралы есептен шығару талонын және білім алушының жеке ісін береді.

Қызмет алушы құжаттарды (жеке істі) баратын көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.

Көрсетілетін қызметті берушілер білім алушыны орта білім беру ұйымына қабылдау/шығару туралы бұйрық шығарады және салыстыру жүргізеді.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.

2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3. Уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы.

4. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

5. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша.

6. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

7. Сынып - жинақтардың толық болған кезінде.

Көру саны:994

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Электронды – 1 жұмыс күні

Қағаз түрінде – 3 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары
  • «Цифрлық үкімет» порталы