Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау
Қызмет «электрондық үкімет» веб-порталында пилоттық режимде іске қосылды.
Қызметті қалай алуға болады
Қызметті онлайн алу
- "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз.
Қажетті құжаттар:
- Жұмыс орнын сақтау шартымен ғылыми тағылымдамадан өтуге жұмыс берушінің өтінімінің электрондық көшірмесі.
- Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткердің толтырған және порталда (ақпараттық жүйеде) автоматты түрде қалыптастырылған сауалнамасы.
- Ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор, магистр дәрежесінің болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқығанда – білім туралы құжатты тану туралы куәліктің не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты тану туралы өзге құжаттың электрондық көшірмесі.
- Іріктеу қағидаларында бекітілген талаптарға сәйкес жасалып, жұмыс беруші бекітетін және тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйыммен келісілген ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасының электрондық көшірмесі.
- Еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңінде аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді.
- Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар қазақ тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың электрондық көшірмесі.
- Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың электрондық көшірмесі.
- № 21579 бұйрықпен бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі (шетелге шығатындар үшін).
- Үміткерді тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруын (қаржылық шарттарды қоспағанда) растайтын, жүргізілетін ғылыми зерттеу, ғылыми тағылымдамадан өту мерзімі, құны (есеп-қисабын толық көрсетіп) көрсетілген, мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құжаттың электрондық көшірмесі.
- Ғылыми нәтижелердің тізімінің электрондық көшірмесі (Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Скопус) халықаралық дерекқорларында индекстелетін кемінде 1 (бір) мақаласы немесе шолуы немесе "Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) Ғылыми басылымдар тізбесінің 1-тізіміне немесе 2-тізіміне енгізілген отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда 1 мақала және (немесе) Derwent Innovations Index (Дервент иновейшн индекс) халықаралық өтінімі.
- Ғылым саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы жарамды ресми куәліктің көшірмесі.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1)мемлекеттік қызметті алу үшін үміткер ұсынған құжаттың және (немесе) Іріктеу қағидаларына сәйкес олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2)көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың және (немесе) деректердің (мәліметтердің) Іріктеу қағидаларында белгіленген талаптарына сәйкессіздігінің анықталуы;
3)"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
Үміткер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, үміткер мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
2)көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың және (немесе) деректердің (мәліметтердің) Іріктеу қағидаларында белгіленген талаптарына сәйкессіздігінің анықталуы;
3)"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
Үміткер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, үміткер мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:140
