Цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу
Қызметті қалай алуға болады
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Автоматтандырылған басқару жүйелерін, автоматтандырылған жобалау жүйелерін (оның ішінде лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға) әзірлеуге және/немесе енгізуге жұмсалған шығындар бойынша цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
- Өтінім.
- Орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі.
- сатып алынған цифрлық жабдықтың жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері;
- сатып алынған цифрлық жабдықтың жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері және/немесе жабдықты сатып алу кезінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлын) ұстап қалу кезінде талаптарды өзара есепке алу кезінде есеп айырысудың аккредитивтік нысаны кезінде ұсынылатын сатып алынған жабдықтың төленгенін растайтын құжаттар ретінде сатып алынған жабдықтың жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері;
- қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді;
- өтініш берушінің салық төлеуден босатылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (егер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі салық төлеуден босатылған жағдайда).
- цифрлық жабдықты сатып алу-сату шартының көшірмесі;
- цифрлық жабдықты қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдау-беру актісі, қорларды тарапқа жіберуге арналған жүкқұжат немесе т.б.);
- жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/нұсқауды, жабдықты дайындау күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдықтың сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, цифрлық жабдық құрамының ерекшелігін (техникалық паспорт) қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі;
- сатып алынған цифрлық жабдықтың суреттері.
Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына цифрлық жабдықты сатып алу фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады.
Қағидалардың осы тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес рәсімделеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
Көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12:30-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде.
Жиі қойылатын сұрақтар
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі болып табылады;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:41
