Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғасының немесе көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға уәкілеттік берген адамның қолымен куәландырылған осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкке айналдыру нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін өтініш.
  2. Өтініш беруге уәкілеттік берілген адам туралы ақпаратты қамтитын, банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі.
  3. Осы қаулыға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының акцияларына 10 пайыздан кем мөлшерде иелік ететін акционерлер – жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер.
  4. Көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғалары туралы мәліметтер (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда).
  5. Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-3-бабының талаптарына сәйкес келетін, көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
  6. Көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен, банк лицензиясын алғаннан кейінгі кейінгі бес жылға арналған банктің бизнес-жоспары. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар банктің егжей-тегжейлі құрылымын, қызмет стратегиясын, қызметінің бағыттары мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджетті, есептік балансты, алғашқы бес қаржылық (операциялық) жылға арналған пайда мен залалдар туралы шотты), маркетинг жоспарын (банк клиенттерін қалыптастыруды), еңбек ресурстарын тарту жоспарын, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруды егжей-тегжейлі ашуды қоса алғанда, № 30 Қаулымен белгіленеді.
  7. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар жарғы жобасы.
  8. Өтініш беруші банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі қажет болған жағдайда, №30 қаулыға сәйкес ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер.

    Жеке басты куәландыратын, Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлғада алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Қызмет нәтижесі

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсатты және Басқарма қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) банк атауының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағындағы талаптарға сәйкес келмеуі (бұдан әрі – Банктер туралы заң);

2) банктің (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін микроқаржы ұйымы акционерлерінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы. Қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы деп Банктер туралы заңның 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген белгілердің бірінің болуы түсініледі;

3) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органы не басқару органы бірінші басшысының: 

  • жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болуы;
  • уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері лауазымын атқаруы.

Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;

4) Банктер туралы заңның 9-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;

5) №30 қаулыға сәйкес уәкілетті органның банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуы;

6) банктің бизнес-жоспары және өтініш беруші ұсынған өзге де құжаттар мыналарды:

  • алғашқы үш қаржылық (операциялық) жыл өткеннен кейін банктің қызметі рентабельді болатынын;
  • банктің тәуекелді шектеу жөніндегі талаптарды сақтауға және тиісті басқару құрылымын құруға ниетті екенін;
  • банктің өз қызметінің жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық, есептік және бақылау құрылымы бар екенін көрсетпеуі

7) көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;

8) көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-3-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;

9) көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру салдарларының қаржылық болжамы банкке айналдыру салдарынан көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайының нашарлауын және (немесе) құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауын болжауы;

10) көрсетілетін қызметті алушының микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде белгіленген пруденциалдық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

11) өтініш берілген күні және құжаттарды қарау кезеңінде микроқаржы ұйымында Микроқаржылық қызмет туралы заңның 28-бабында көзделген жазбаша нұсқама түріндегі қолданыстағы қадағалап мән беріп ықпал ету шарасының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-бабының бірінші, 3-1, төртінші бөліктерінде және 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болуы;

12) Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-1-бабының шарттарын сақтамау;

13) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектелген дербес деректерге қол жеткізуге «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін көрсетілетін қызметті алушы келісімінің болмауы.

Көру саны:162

Толық аты

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Қызмет көрсетушіге құжаттар топтамасын өткізген күннен бастап 65 жұмыс күні ішінде.

Осы мерзім «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі