Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

–Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес білім туралы құжатты электрондық нысанда тану туралы куәлік;

- Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес электрондық нысанда білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы;

- осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз жеткізгіште жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе осыған уәкілеттік берілген адамның мөрімен және қолымен куәландырылады.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуы.
  4. Білім туралы құжатты беру фактісін растау туралы сұрау салуға теріс жауап немесе білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болмауы.
  5. Қазақстан Республикасы Халықаралық құқық субъектісі ретінде танымайтын елдердің білімі туралы құжаттарды не шетелдік білім беру ұйымын беру елінің білім беру саласындағы уәкілетті органы мойындамаса.
  6. Сараптама кеңесінің теріс қорытындысы.
  7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік білім беру бағдарламасының білім беру деңгейлерінің және (немесе) даярлау бағыттарының (мамандықтардың, кәсіптердің) ешқайсысына сәйкес келмеуі.
  8. Білім туралы құжатты беру фактісін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растау туралы сұрау салуға жауаптың болмауы.

Көру саны:939

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану– 10 АЕК

Шетелде диссертация қорғаған адамдардың құжаттарын тану – 10 АЕК

Білім туралы құжаттарды мойындау туралы куәліктің көшірмесін жасау/қалпына келтіру – 3 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

Білім туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

-портал арқылы жүгінген кезде - 15 жұмыс күні.

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 25 жұмыс күні.

Білім туралы заңдастырылмаған және жарияланбаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 35 жұмыс күні.

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 45 жұмыс күні.

Білім туралы құжаттарды тану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 24-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 10 жұмыс күні.

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 15 жұмыс күні

Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде-35 жұмыс күні.

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 40 жұмыс күні.

Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде-60 жұмыс күні.

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 65 жұмыс күні.

Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 77 жұмыс күні.

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 82 жұмыс күні.

Телнұсқа беру туралы өтінішті қарау мерзімі:

Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 15 жұмыс күні.

Портал арқылы жүгінген кезде - 7 жұмыс күні.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы