Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алуға тапсырыс беру

Категорияларға қайту

Егер сіз аталған қызмет үшін бұрын төлем жасаған болсаңыз, қайта төлем жасау талап етілмейді. Өтінішті қайтадан ұсынып, төлем жасалғанын растайтын түбіртекте көрсетілген мәліметтерді көрсетуіңізді сұраймыз: салық органы, банк, төлем сомасы және төлем жасалған күні.

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3. Барлық міндетті өрістерді толтырыңыз

4. Мемлекеттік бажды төлеу

5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3. Барлық міндетті өрістерді толтырыңыз

4. Мемлекеттік бажды төлеу

5. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу белгілерін бергені үшін алым мөлшерлемелері

Белгілер

АЕК

тенге (2026 ж)

010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707

57

246 525

010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 бірдей әріптік белгілермен

 

114

493 050

100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999

137

592 525

100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 бірдей әріптік белгілермен

194

839 050

001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777

228

986 100

001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 бірдей әріптік белгілермен

285

1 232 625

101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989

15

64 875

101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989 бірдей әріптік белгілермен

72

311 400

Жоғарыда аталғандардан басқа үш бірдей әріптері бар басқа сандар

 

57

246 525

Жоғарыда аталғандардан басқа кез келген қажетті сандық және әріптік белгілер

 

10

43 250

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Салық кодексі

Көру саны:20244

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алуға тапсырыс беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

МТНБ санатына байланысты -  10 АЕК,   15 АЕК, 57 АЕК,  72 АЕК, 114 АЕК, 137 АЕК, 194 АЕК, 228 АЕК, 285 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

Астана және Алматы қалалары үшін-5 жұмыс күні ішінде

Облыстар мен Шымкент қаласы үшін-15 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • «Цифрлық үкімет» порталы