Жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу
Қызметті қалай алуға болады
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
- Өтініш.
- Персонал туралы мәліметтерді растайтын құжаттың көшірмесі.
- Жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлға қызметкерлерінің білімі туралы дипломның көшірмесі.
- Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметке тартылған қызметкерлердің тізімі (ЭҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған жағдайда).
- Соңғы бес жыл ішінде мамандығы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге тартылған қызметкерлердің біліктілігін арттыруды растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметке тартылған қызметкерлердің біліктілік санатын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілмей кезек тәртібімен көрсетіледі.
Жиі қойылатын сұрақтар
- Ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
- Аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған, заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
- Аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
- Аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:84
